
OVERSIZED MOTION THAT INSPIRES
.
DACO PROJECT LOGISTICS GMBH – БҰЛ ЖАЙ БИЗНЕС ЕМЕС, ОЛ БАЙ ТАРИХЫ БАР ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС. БҮГІНГІ ТАҢДА DACO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛОГИСТИКАДА ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕСІ БАР, ПРОГРЕССИВТІ, ТӨРТІНШІ ҰРПАҚТАҒЫ(4.0) ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Біз өнеркәсіптік компанияларына арнайы жеке логистикалық шешімдерді ұсынамыз, заманауи стандарттарға және техникалық регламенттерге сәйкес процестерді жан-жақты үйлестіруді ұйымдастырамыз, әрбір бөлшекке ерекше назар аударамыз. Кедендік процедуралар, жобаның(проекттің) техникалық жане экономикалық тексерулері, стратегиялық жоспарлау, қажетті рұқсаттарды алу, өндірістік өніміңізді сертификаттау немесе халықаралық тасымалдау құжаттамасын ұйымдастыру-бұл біздің құзыреттеріміз.
БІЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЖҮК ТҮРЛЕРІ
Біз алуан түрлі жүктерді тасымалдау арқылы кез келген транспорт саласында бай тәжірибе мен ноу-хауларды жинақтадық.

БІЗДІҢ КОМПАНИЯДА ЖҮКТІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ ҮШІН ЕҢ ЖАҚСЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ШЕШІМДІ ҰСЫНУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН КӨЛІКТЕР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ САН АЛУАН ПАРКІ БАР. БІЗ АВТОПАРКТІҢ СЕНІМДІЛІГІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ КӨП КӨҢІЛ БӨЛЕМІЗ
Барлық машиналар мен жабдықтар міндетті түрде «TÜV» * неміс техникалық қадағалау қауымдастығының ережелеріне сәйкес тексеріледі. Жүргізушілер жолда да, көліктің жүктеу аумағында да барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы оқу курстарынан өтеді. Біз тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және габаритті емес жүктерді тасымалдауға қажетті рұқсаттарды беруді тездету үшін уәкілетті органдармен және сала мамандарымен тығыз жұмыс жасаймыз.
БАҒАНЫ ҚАЛАЙ СҰРАУҒА БОЛАДЫ
БІЗ АШЫҚТЫҚ ПЕН ОҢАЙЛЫҚҚА ҰМТЫЛАМЫЗ
Бағаны сұрау үшін, operations@dacoproject.com адресіне сұрау жолдаңыз және онда қосымша мәліметтерді көрсетіңіз:
* Маршрут (кеден орындарымен, егер белгілі болса)
* Жүк тиеу орындарының саны мен түрі
* Әрбір жүк бірлігінің өлшемдік сипаттамалары(ҰхЕхБ) (Ұзындығы х Ені х Биіктігі)
* Жүктің әрбір бірлігінің брутто салмағы
* Фотосуреттер/сызбалар әрқашан есептеу процесін жылдамдатуға көмектеседі
Біздің мамандар 24 сағат ішінде сізге баға ұсынысын жасайды




















